04
ноябрь
2022
Пән бірлестік отырысы
Шымкент қаласы №120 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 2022-2023 оқу жылында физика-информатика пәні бірлестігінің отырысы 2022 жылғы «03» қараша айында өтілді.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша физика – информатика бірлестік жетекшісі З.Тастанова 2022 жылғы 30 қыркүйекте №412 бұйрығы негізінде ТУП бойынша өзгерістерді, сағат жүктемелерінің қысқаруын баяндады.
Екінші мәселе бойынша оқушыларды Елтайда ашылған мектепке ауыстыру бойынша К.Егембердиева сөз сөйлеп, оқушыларды НОБД базасынан ауыстыру мәселесін талқылады.
Pisa халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау бойынша физика пәні мұғалімі Ш. Сариева сөз кезегін алып өз ойымен бөлісті. Pisa функционалдық сауаттылық туралы толық түсінік берілді. Сабақ өту барысында жаңашылдылықпен, ашық әдіс-тәсілдерді қосып өту керек деген ой айтты. Сабақ үстінде оқушымен қарым-қатынас жайында, ерекше білім беретін оқушылармен жұмыс жасау, ҚМЖ жазу ережесімен Шолпан апай толық түсіндіріп өтті.
Қорытынды сөзін мұғалім ұдайы өзін дамытып отыру керектігін айтып сөзін аяқтады.
Физика пәні мұғалімі Н. Пасечник АКТ мен физика пән мұғалімдері бірлесіп оқушыларды графикаға үйрету туралы ұсыныс білдірді.
I тоқсан қорытынды жұмыстары бойынша физика – информатика бірлестік жетекшісі З.Тастанова сөз сөйлеп пән бойынша білім сапасын айтып өтті.
