Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектебінде

9 Мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай «Батырлардың бейнесін салу» тақырыбында сурет байқауын көркем еңбек пән мұғалімі Пернебекова С.М. өткізді.

Байқаудың мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы мәлімет және жеңіс күнінің маңызын түсіндіру. Батырлардың бейнесін сурет арқылы жеткізе білуге үйрету.

Соғыс жылдарынан хроника, батырлар туралы мәліметтер арқылы фото бейнелерді көрсете отырып, оқушылар сурет салды. Батырларымызды тек сурет арқылы ғана емес, жүрек арқылы еске түсіре отырып,
Ерліктің ешқашан ұмытылмайтындығын айтып өткім келеді.
