03
сентябрь
2022
«HR-Process» жүйесі
Жанбирова Зарина Бауржановна 2021-2022 оқу жылынан бастап Б.Момышұлы атындағы №120 ЖОББ мектебіне « HR-Process» жүйесі арқылы жұмысқа қабылдандым.
«HR-Process» жүйесі әрбір білімді жас маманға берілген үлкен мүмкіндік. Бұл бағдарлама қазіргі заман талабына сай үздік кадрларды әділ, шынайы іріктеп алу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Нәтижесінде қазіргі заман педагог мамандарына қойылатын талап пен жауапкершілік еселене түсуде.
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын, өнер» - деп бес арысымыздың бірі Ж.Аймауытов айтқандай, ұстаз әрқашан сабақты қызықты етіп, түрлендіріп өткізіп отыруы тиіс. Мектептегі білім беру сапасын арттыру үшін бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық әлеуметтік талаптарға жауап бере алатын, жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен ынтымақтастық орнатуға икемді тұлға болуы тиіс.

Я Гофман Фатима Рандиковна, с 2021-2022 учебный год работаю в СОШ№120 им. Б. Момышулы. Устроилась на работу учителем физкультуры через сайт Hr-process.Загрузила все документы которые требовались и прошла приемную комиссию , набрала высокий балл и получила работу.Этот сайт дает возможность проверить знания педагогов и желание развиваться. За этот учебный год, мы с моими учениками добились больших успехов, участвовали в соревнованиях школьной лиги по футболу среди девочек и занимали почетные 1,2 места по городу Шымкент. Выиграли путёвку на республиканские соревнования и заняли 2 место! Hr-process дает возможность молодым перспективным педагогам возможность проявить себя и реализовать свой потенциал.


Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тізгінін ұстар азаматтар. Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті. Мен Дүйсенова Гүлжан Сарсенбайқызы, 2021 жылдан бері "Hr-process"бағдарламасы бойынша " Б.Момышұлы атындағы N120 Жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп жатырмын.Осы байқау арқасында көп жас мамандарға жұмысқа орналасуына зор мүмкіндік беріліп жатыр.
"Hr- process"- білім саласына жұмысқа орналасуға келгенде әділдік және шынайылығымен ерекшеленетін бірден бір мүмкіндік.
Білім беру - бұл тамыры тереңде жатқан, ұлт пен дінге бөлінбейтін, нәтижесі бір күн немесе бір жылда көрінбейтін құндылық.
Сондықтан еш қорқусыз құжаттарын "Hr- process" сайтына тіркеп, қорықпай байқауға қатысып, жұмысқа орналасуына. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмау керек.Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратын сөзсіз. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!

"Hr- process"- білім саласына жұмысқа орналасуға келгенде әділдік және шынайылығымен ерекшеленетін бірден бір мүмкіндік.
Білім беру - бұл тамыры тереңде жатқан, ұлт пен дінге бөлінбейтін, нәтижесі бір күн немесе бір жылда көрінбейтін құндылық.
Сондықтан еш қорқусыз құжаттарын "Hr- process" сайтына тіркеп, қорықпай байқауға қатысып, жұмысқа орналасуына. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмау керек.Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратын сөзсіз. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!

Халқымыздың даңқты перзенті Мағжан Жұмабаев: «Алты Алаштың баласы бас қосқан жерде ең қадірлі орын – ұстаздікі» деген дана ой қалдырған. Ұлы ақынның ұлағатты сөзі техника мен технология қарыштап дамыған бүгінгі күнде де өз өміршеңдігін жойған емес.
Білім беру – бұл тамыры тереңде жатқан, ұлт пен дінге бөлінбейтін, нәтижесі бір күн немесе бір жылда көрінбейтін құндылық. Көпшілік қауымға ортақ игілік. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – тек қана білім. Білім мен ғылымға қояр талап артқан бүгінгідей заманда мұғалімге жүктелер жауапкершілік те еселене түсуде.
Мен Әшіров Елдос Аманкелдіұлы Б. Момышұлы атындағы №120 ЖОББ мектебіне HR- Process бағдарламасы арқылы жұмысқа қабылдандым.
HR Process-пен әр қайсы мектепте бүгінгі таңда кемі 10 мұғалім жұмысқа қабылданды! Соның нәтижесінде біз әділдік орнаған ортада шәкірт тәрбиелеу ісімен айналысып келеміз! Болашақтың кілтін тек әділдік арқылы ғана бағындыра алатынына баршамыз үлес қосуға міндеттіміз!
Білім саласының әділдігі мен тазалығына, оған деген жоғары көзқарастың қалыптасуына әр қайсымыз жауаптымыз!
Қандай да болмасын ой-толғаныс, болашаққа мақсат қойып ұмтылу ұшқан ұядан, яғни өскен ұяңнан бастау алады. Өйткені, бұл өмір заңы, тіршілік талабы.
Мұғалімнің алдында елдің болашағы тұр. Ата-ана, жалпы қоғам осылай түсінуі керек. Мұғалімге құрметпен қарау деген осыдан шығады. Бұл қағиданы мықтап ұстанған ол - педагогикалық ұжымды үнемі жаңашылдықпен жұмыс істеуге шақырады.

Я,Сейткулова Гульзира Калмахановна в августе 2021 года была принята на работу учителем начальных классов в ОСШ #120 имени Б.Момышулы через платформу "HR-Process". Цель и преимущество автоматизации отбора педсостава заключается в соблюдении принципов гласности и прозрачности в выборе кандидатов.
Учителя направляют с самого детства. Но особую роль играет учитель начальных классов. Именно первого учителя дети запоминают на всю жизнь.
Я рада, что именно в эту школу подала заявление. В нашей школе работают опытный руководящий состав, грамотные учителя, которые всегда готовы помочь. Одним словом профессионалы своего дела. Именно благодаря высокому профессионализму руководящего состава, школа динамично двигается вперед!!!
Мои пожелания молодым специалистам во время собеседования: будьте искренними и уверенными в себе. ЖЕЛАЮ ВСЕМ УДАЧИ!!!


Мен Айдарбекова Ақмарал Қалабековна жұмысқа 2021 жылдың 22 - сәуір айында Б.Момышұлы атындағы N120 жалпы орта білім беретін мектебіне “HR PROCESS” жүйесі арқылы қабылдандым. Ағылшын тілі мамандығын жанымның қалауымен ойдағыдай аяқтадым. Бірақ жұмысқа қалай орналасамын деген сұрақтар мазалады. Себебі,мен секілді көп жастар оқу аяқтаған соң мамандық бойынша жұмысқа орналасуы қиындап, басқа істермен айналысып кететіндері де бар. Дегенмен Қазақстанда “HR PROCESS “жүйесі жұмыс жасайтынын біліп,бағымды сынап көрейін деп, құжаттарымды жүктедім және көп күтпей мектепке шақырту алдым. Арманым орындалды! Бүгін де мектеп қабырғасында ағылшын тілі пәні маманы болып жұмыс жасап жатқаныма бір жылдың жүзі жақын. Осы уақыт аралығында өз біліктілігімді сынап,түрлі байқауларға қатысып Интеллектуалды бәйге білім порталының ұйымдастыруымен 2022 жылдың акпан айында өткен Республикалық “Үздік психолог” байқауының жеңімпазы атандым. Сонымен қатар Дарын орталығының “Үздік жыл психологы”байқауының II орын иегері атану бұйырыпты. “Мұғалімдер айнасы” республикалық журналына мақаламды жариялап,қаламымды шыңдай түстім.Осы ретте оқушыларым да балаларға арналған шығармашылық байқауларға қатысып жүлделі орындар иеленді. Бұл менің кішкентай ғана жетістігім болса да,мектебім үшін үлкен абырой болды. Менің қазіргі балалармен жұмыстағы әрбір жасаған амалдарым, энергияға толы балалармен қызықты жұмысты жүргізуім өзіме ұнайды.Нағыз менің жұмысым. Дегенмен үлкен жауапкершілікті мойныма алып,ересек өмірдің қадамын басып жүргеніме осы жүйенің көмегі зор болды. Маған үлкен мүмкіндік сыйлады. Ал,әр мүмкіндікті біз жастар тиімді пайдала білсек еліміздің болашағы үшін азда болса үлес қоса алар едік.
Қазақстанда “HR PROCESS “жүйесінің болғанына қуаныштымын бұл жұмыссыз жүрген мамандардың тиісті,өзінің сүйікті жұмысына орналасуына таптырмас жүйе. Тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген әрбір азамат,ел экономикасына да үлес қоса алады. Бұл жоспарланған, жарқын болашағы бар ел үшін мәртебе.
Қазақстанда “HR PROCESS “жүйесінің болғанына қуаныштымын бұл жұмыссыз жүрген мамандардың тиісті,өзінің сүйікті жұмысына орналасуына таптырмас жүйе. Тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген әрбір азамат,ел экономикасына да үлес қоса алады. Бұл жоспарланған, жарқын болашағы бар ел үшін мәртебе.


Мен Амангельдиева Кундыз Жандаровна 1990жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласында дүниеге келдім. Қазіргі таңда 2021-2022 оқу жылынан бастап Б.Момышұлы атындағы №120 ЖОББ мектебіне « HR-Process» жүйесі арқылы жұмысқа қабылдандым. Білімді ұрпақ тәрбиесі мына біз сияқты жастардың қолында деп айтуға болады.Маған осы Hr-process арқылы жұмысқа орналасуыма берілген үлкен сый деп қабылдасам да болады. Ал осындай сый маған таныс- тамыр арқылы емес,HR - Process бағдарламасы арқылы қол жеткіздім. Халқымыздың даңқты перзенті Мағжан Жұмабаев: «Алты Алаштың баласы бас қосқан жерде ең қадірлі орын – ұстаздікі» деген дана ой қалдырған. Ұлы ақынның ұлағатты сөзі техника мен технология дамыған күнде де өз өміршеңдігін жойған емес.
Білім беру – бұл тамыры тереңде жатқан, ұлт пен дінге бөлінбейтін, нәтижесі бір күн немесе бір жылда көрінбейтін құндылық. Көпшілік қауымға ортақ игілік. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – тек қана білім.
Болашақтың кілтін тек әділдік арқылы ғана бағындыра алатынына баршамыз үлес қосуға тиіспіз. Өйткені, бұл өмір заңы, тіршілік талабы.
"Ұстаздық еткен ерінбес, үйретуден балаға "- дей отырып жас мамандарға, жұмыс іздеген ұстаздарға осы бағдарлама арқылы өз мамандықтарыңызбен,жаныңызға жақын жұмыспен елімізге қызмет етіңіздер дегем келеді.

Білімді ұрпақ тәрбиесі мына біз сияқты жастардың қолында деп айтуға болады. Мектеп түлектерінің жоғарғы оқу орнын бітірген соң, өз мектебіне келіп жұмысқа орналасу маған берілген сый деп қабылдасам да болады. Ал осындай сый маған таныс- тамыр арқылы емес,HR - Process бағдарламасы арқылы қол жеткіздім. Міне осылай өз білім алған мектепте, керемет ұжымда еңбек етудемін. Халқымыздың даңқты перзенті Мағжан Жұмабаев: «Алты Алаштың баласы бас қосқан жерде ең қадірлі орын – ұстаздікі» деген дана ой қалдырған. Ұлы ақынның ұлағатты сөзі техника мен технология дамыған күнде де өз өміршеңдігін жойған емес.
Білім беру – бұл тамыры тереңде жатқан, ұлт пен дінге бөлінбейтін, нәтижесі бір күн немесе бір жылда көрінбейтін құндылық. Көпшілік қауымға ортақ игілік. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – тек қана білім. Білім мен ғылымға қояр талап артқан бүгінгідей заманда мұғалімге жүктелер жауапкершілік те еселене түсуде.
Мен Сарсенбай Сакен Дүйсенұлы Б. Момышұлы атындағы №120 ЖОББ мектебіне HR- Process бағдарламасы арқылы жұмысқа қабылдандым.
HR Process бағдарламасы арқылы осы мектепте бірнеше жас маманы бар,тәжірибелі мамандар қабылданды. Соның нәтижесінде білім ошағының ордасында балалар үшін, жас ұрпақтың болашағы үшін еңбек етудемін. Болашақтың кілтін тек әділдік арқылы ғана бағындыра алатынына баршамыз үлес қосуға міндеттіміз!
Білім саласының әділдігі мен тазалығына, оған деген жоғары көзқарастың қалыптасуына әр қайсымыз жауаптымыз.
Қандай да болмасын ой-толғаныс, болашаққа мақсат қойып ұмтылу ұшқан ұядан, яғни өскен ұяңнан бастау алады. Өйткені, бұл өмір заңы, тіршілік талабы.
"Ұстаздық еткен ерінбес, үйретуден балаға "- дей отырып жас мамандарға, жұмыс іздеген ұстаздарға осы бағдарлама арқылы өз мамандықтарыңызбен,жаныңызға жақын жұмыспен елімізге қызмет етіңіздер дегем келеді.

