*ҰЛЫ ЖЕҢІС: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ,ҰРПАҚҚА ҮЛГІ* » "№120 Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемеcі
Шымкент қаласы білім басқармасының
Бауыржан Момышұлы атындағы
"№120 Жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-00
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-48-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » *ҰЛЫ ЖЕҢІС: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ,ҰРПАҚҚА ҮЛГІ*
07
май
2025

*ҰЛЫ ЖЕҢІС: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ,ҰРПАҚҚА ҮЛГІ*

*ҰЛЫ ЖЕҢІС: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ,ҰРПАҚҚА ҮЛГІ*
🎗️Мерекелік шара Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті. "Германиядағы кеңес әскерлерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы" Б.Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті. Мектеп ауласында 10 сыныптар арасында әскери шеру өтті.
🎗️Мерекелік бағдарламада балалар өз өнерлерін тарту етті: патриоттық әндер шырқалып, әсерлі өлең шумақтары оқылды, би қойылымдары мен музыкалық аспапта орындалған шығармалар кештің көркін келтірді. Бұл өнер туындылары — аға буынға деген шексіз құрмет пен ризашылықтың айғағы.
🎗️Құттықтау сөзді АӘД пән мұғалімі сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Шеруге қатысқан оқушыларды марапаттады.
Бұл кеш — өткенге тағзым, бүгінге аманат. Ардагерлерге көрсетілген құрмет пен алғыс болашақ ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
🎗️9-мамыр «Жеңіс» күні бүкіл дүниежүзі бойынша ұлы мейрам. Жеңіс күні – абырой мен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік сұм соғыста Жеңіске жеткізді. Сіздердің ерен ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмақ емес. Ұлы отан соғысына қатысқандардың есімі аңызға айналып, тарихта өшпес із қалдырды.
🎗️Мәңгілік ел есінде — Жеңістің рухы мәңгі жасай береді!

Іс шара​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив