«БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ» » "№120 Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемеcі
Шымкент қаласы білім басқармасының
Бауыржан Момышұлы атындағы
"№120 Жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 26-62-40
Есепші бөлімі:
+7(7252) 26-62-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ»
01
сентябрь
2022

«БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ»

«БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ» 
Бүкіл елде басталып бүгін жыры
Бақ қоңырау шақырар ұғымдын
Білім - ғылым бастауы мерекелі
Құтты болсын бүгінгі білім күні
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектебінде жаңа 2022-2023 оқу жылында 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиыны өткізілді.
Іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасып, ырысы тасыған Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектебіне биыл 50 жыл толып отыр.
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін
Құтты болсын 50 жылдық мерекең.

Салтанатты жиын ҚР Әнұранының орындалуымен басталды. Мектеп директоры Абылбаева Васила Ибрагимқызы және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сеитов Марат Ережепұлы, қонақтар, ата-аналар сөз алып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге тілек айтып, ыстық лебіздерін білдірді. Сонымен қатар іс-шарада мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1-сынып оқушылары ән айтып, би билеп өнерлерін көрсетті.

Жаңа оқу жылы құтты болсын!!!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив