03
апрель
2025
"Жаңа ортаға сенімді қадам" тақырыбында тренинг
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б. Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектебі Оқушыларының орта буынға бейімделуіне көмектесу, достық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету,өз ойларын еркін жеткізуге және топтық жұмыста белсенді болуға үйрету және сенімділік пен өзара қолдау сезімін қалыптастыру мақсатында педагог-психологтар А.Кыдыралиева мен А.Аманова 5 сынып оқушыларымен "Жаңа ортаға сенімді қадам" тақырыбында тренинг сабағын өткізді. Тренинг барысында оқушылар "Менің көңіл-күйім","Өзіңді таныстыр","Ортақ мүдде" "Жаңа ортаға қадам" жаттығуларын орындады. Бұл жаттығулар оқушылардың ортақ қызығушылықтарын табуға және топтық жұмыста белсенді болуына көмектесті. Қорытынды бөлімде "Қолдау шеңбері" жаттығуы жүргізілді. Әр оқушы жанындағы сыныптасына жылы лебіз бен тілектерін арнады. Бұл оқушылар арасында достық пен сенімді қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етіп,олардың эмоционалды тұрақтылығын нығайтып, өздеріне деген сенімділіктерін арттырды. Жалпы, бұл тренинг оқушылардың жаңа ортаға тез бейімделуіне, өздерін қауіпсіз әрі сенімді сезінуіне үлкен көмек берді.

