07
апрель
2025
Өтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл толу қарсаңында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Сыдықова Айтолқын Аристамбекқызы мен Ботабекова Эльмира Жорабекқызының ұйымдастыруыменақын өлеңдерінен кретивті постер
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б. Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектебіндеӨтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл толу қарсаңында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Сыдықова Айтолқын Аристамбекқызы мен Ботабекова Эльмира Жорабекқызының ұйымдастыруымен 6- сынып оқушылары ақын өлеңдерінен кретивті постер жасады. Ақынның «Нан туралы баллада»,«Кел,балалар,күлейік!»,«Туған өлкем»,«Кітапты сүй,балалар!», Көктем келді гүл алып", «Жыртық кітап жылады»,«Жауқазын»,«Құралай»,«Ұршық»өлеңдерін жатқа оқып,постерлер дайындады.. Әр топ берілген тақырып бойынша постер қорғап,ақын өлеңдерінің мағынасын,тәрбиелік мәнін ашты.
Мақсаты: Оқушыларға Ө.Тұрманжановтың өлеңдеріндегі тәрбиелік мәні мен ұлттық идеяларды ұғындыру.Сондай-ақ,оқушылардың көркем шығармаларды талдау,жатқа оқу және шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту арқылы әдебиетке деген қызығушылығын арттыру,ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Ө.Тұрманжановтың шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген іс-шара оқушылардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығын оятты.Ақынның өлеңдерін жаттап,постер арқылы өз шығармашылық қабілеттерін көрсетуі оқушылардың танымдық деңгейін көтеріп,рухани дамуына ықпал етті. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық құндылықтарды түсініп,ақын мұрасын бағалауды үйренді.
