14
апрель
2025
ЖАСӨСПІРІМ ІС-ШАРАСЫ
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ, ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шымент қаласы Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 10 сәуір күні білім алушылардың арасында «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, буллинг-әлімжеттік, қылмыстың, электронды темекі, вейп тұтынудың, интернет алаяқтық алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. ДТЖЖО А.Ж.Байболатова,С.С.Алимкулова,сынып жетекшілер, 8-9 сыныптың оқушылары қатысты. «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арсында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу», тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық, сексуалдық, денсаулыққа қасақана зиян келтіру туралы бейнероликтер көрсетіліді. Психологиялық зорлық — адамның психикасына әсер ету қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулық қабілеттеріне қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басына қауіп төндіру мүмкіндігі бойынша толық ақпарат беріп , мектеп ішінде «әлімжетік» туралы түсінік бар екенін және олда зорлық-зомбылық соңы қылмыс екенін айтып, мектептің әрбір оқушысын қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күреске, атсалысуға шақырды. Әкімшілік құқықбұзушылық, қылмыс орын алған жағдайлар, оқушыларға құқық бұзушылықтың қағидалары мен құқықтық нормалары, оның салдары, заңға қайшы әрекеттер , буллинг, лудамания құмар ойындарға әуестігі бар адамдардың туралы дерті, аталған дертке ұшыраған адамның бойында әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтар құлдырап, адамгершілік қасиеттері жойылатындығы туралы айтылды. Егер білім алушы буллингтің құрбаны болса, мінез-құлық алгаритімі бұзылатыны туралы, ақпарат берілді.Жиын соңында оқушылар сұрақтар қойып, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді

