15
февраль
2025
📚 «943-ЕЛДІҢ МАҚСАТТЫ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАР СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ 📚
2025 жылдың 10 ақпанында, Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушылары dilim-up.kz платформасында сынақ тапсырды. Бұл шара Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығы жүзеге асырып отырған «943-елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасының аясында өтті.
Бұл бастама білім сапасын арттырып, оқушылардың өз мүмкіндіктерін бағалауына үлкен мүмкіндік береді!
