26
март
2024
"Салт-дәстүрдің тұғыры - әз- Наурыз" тақырыбында тарихқа тағзым атты мерекелік кеш
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атындағы N120 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында, ОККЖ-не қарасты 23 кітапхана бөлімшесімен бірлесе отырып кітапханашылардың ұйымдастыруымен ұстаздар мен 5-11 сынып оқушылардың қатысуымен "Салт-дәстүрдің тұғыры - әз- Наурыз" тақырыбында тарихқа тағзым атты мерекелік кеш өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру. Қазақтың салт дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақ харлқымыздың ұлттық мейрамы екенін түсіндіру. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, өнер мен мәдениетін қастерлеуге баулу.
Құрметті оқырман қауым, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар баршаңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!