19
декабрь
2022
Желтоқсан куәгерлері ортамызда!
Бүгінде ел егемендігін мұрат тұтқан, ұлт болашағы жолында Желтоқсан оқиғасына қатысып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы жолында ерлік пен қайсарлық көрсеткен жерлестерімізге деген құрмет ерекше. Желтоқсан оқиғасының азаттыққа жетудегі маңызы мен ел тәуелсіздігін алуға деген бет бұрыстың жасалуына тигізген ықпалы зор. Сондықтан бұл күн Қазақстанның тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы, тәуелсіздіктің бастауы ретінде бағаланады. Осынау елеулі тарихи даталы күн қарсаңында ұлағатты ұстаздарымыз Құдайбергенова Рабиға Абилқызына, Сариева Шолпан Жұмабекқызына, Сейткулова Перизат Ақынқызына ұжымның атынан дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге шығармашылық табыс, құт-береке тілейміз!


