14
март
2024
Баланың таным процесін дамыту" тақырыбында буклеттер көрсетіп, ағарту жұмыстарын жүргізді
Мектебімізде оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында "Әрбір сәт пен әрбір күн бақытқа толы, маңызды!" ұранымен өткелі отырған психологиялық онкүндіктің ашылуына орай салтанатты жиын өткізілді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес, педагог-психологтердің ұйымдастыруымен "Қуаныш сыйлаймын" көңіл-күй тақтасы акциясы өткізіліп, білім алушылар мен педагогтерге жақсы көңіл-күй сыйланды. Математика пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ақылдың қайнары" тақырыбында 6-9 сынып білім алушылары арасында интеллектуалдық ойындар мен жаттығулар өткізілді. Педагог-психологтер 1-4 сынып білім алушыларының ата-аналарының қатысуымен "Баланың таным процесін дамыту" тақырыбында буклеттер көрсетіп, ағарту жұмыстарын жүргізді. Педагог-психологтар педагогтермен "Геометриялық формалардан адамның конструктивті суреті" психографикалық тестін жүргізді.