25
май
2022
"Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Бүгін, 25 мамыр түлектер үшін - алтын ұя мектебімен қимастықпен қоштасқан күн. Алаңға түлектердің төрт сыныбы салтанатты түрде шақырылды. Биыл мектебімізде - 92 түлек бітіріп отыр. Төлеби ауданының құрметті азаматы, Тоғыс тұрғын үй алабының биі, ақсақалы Әшітов Батырхан ағамыз түлектерді құттықтап, оқушыларға өз күштеріне сеніп, еш уақытта мойымай, тек алға қадам басып, әрқайсыңызға сәттілік серік болып , жолдарыңыз ашық болсын! - деп тілек білдірді. Балаларының қуанышын қызықтап, қолдауға келген ата-аналар салтанатты шараны арнайы қоршалған лентаның ар жағында тұрып тамашалады. Мектебіміздің 2002 жылы бітірген түлектері 20 жыл толуына орай Бауыржан Момышұлы ескерткішін орнатып, ашылу салтанаты өткізілді. Ардагер ұстаздар, ата-аналар, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сеитов Марат және Еңбекші ауданы әкім аппаратының бас маманы Н.Қалтаев өздерінің ізгі тілектерін, ыстық лебіздерін білдірді. Мектеп бітіруші түлектер дәстүрлі мектеп вальсін алаңды айнала биледі, ұстаздарға арнап ән айтты. Мерекенің ең әсерлі сәті - мектептегі соңғы қоңыраудың соғылғаны. Соңғы қоңырау соғылғанымен, түлектерге босаңсуға болмайды. Оларды ҰБТ деген үлкен сынақ күтіп тұр. Соңғы қоңыраудың аяғында полиция инспекторы Ж.Козикеев оқушыларға "Кәмелетке толмағандардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу" тақырыбында дәріс өткізді. Салтанатты жиыннан соң жас түлектерге өз сыныптарында педагог-психологтардың ұйымдастыруымен мектептегі қызықты сәттерін еске алу тәрбие сағаттары мен тренингтер өткізілді.
Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер,сөзіме көңіл аудар.
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.
Мектеп қайта есігін ашпас енді,
Өмір - ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді! Сәт сапар - жас түлек!
Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер,сөзіме көңіл аудар.
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.
Мектеп қайта есігін ашпас енді,
Өмір - ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді! Сәт сапар - жас түлек!


