30
октябрь
2021
Бала құқығы-адам құқығы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектебіне «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық айлығы аясында ҚР ішкі істер министрінің орынбасары С.С.Сарсенов және Шымкент қаласы полиция басқармасының басшысы Е.М.Жұмаханбетов мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қорғау техникалық құралдармен жарақтандыру, күзет пен нысан қызметкерлерінің жұмысымен танысты.
Мектеп директоры В.И.Абылбаева оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қойылған жабдықтаулармен, турникеттердің өткізу қабілеті, бейнебақылаулардың қызметімен таныстырды.
«Мектептің түлегі – елінің болашағы, мектебінің тарихы» демекші, С.С.Сарсенов осы мектептің түлегі. Өзінің білім алған мектебінің қазіргі заман талабына сай жабдықталғанын көріп, ерекше сезімде екенін білдірді. Ұстаздары Сәкен Сейітжаппарұлының еңбегіне сәттілік тілеп, елімізде береке-бірлік болып, бейбіт қоғамда еңбек ете беруіне тілектес екендіктерін білдірді.

