«Мектептегі білім сапасын басқару:стратегиядан практикаға» » "№120 Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемеcі
Шымкент қаласы білім басқармасының
Бауыржан Момышұлы атындағы
"№120 Жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-00
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-48-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Мектептегі білім сапасын басқару:стратегиядан практикаға»
28
сентябрь
2024

«Мектептегі білім сапасын басқару:стратегиядан практикаға»

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің арнайы ұйымдастыруымен 2024 жылдың 25-27 кыркүйек күндері аралығындағы «Мектептегі білім сапасын басқару:стратегиядан практикаға» тақырыбында оқыту семинарының алғашқы 1-күні «Өрлеу»БАҰО  ШИ филиалы базасында болып өтті.Семинарды  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта   білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы   ашып,іс-шараның мақсатымен таныстырып өтті.                         
     📘 1-2 сессияда «Өрлеу»БАҰО   АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ  кафедра меңгерушілері ф.ғ.к Г.К.Рахимжанова мен  кафедра меңгерушілері п.ғ.к М.Б.Кудайбергенова мектептің жеке портреті мен мектепті дамыту бағдарламасын GROW әдісімен талдау жасатты.Ұйымдастыру барысында 8- топқа бөліп,әр топбасшысы өз жұмыстарын қорғады. Жалпы тапсырма барысында топтық, жұптық жұмыстар жүргізілді.Соңында өзін-өзі және өзара топтық бағалау жүргізілді.
3-4 сессияда Тәжірибелік сессия жоба аясында №90,№9,№65,№1 мектеп басшылары өз тәжірбиелерімен бөлісті. 
       📘«Мектептерді ішкі және сыртқы бағалаудың ерекшеліктері» және «Талқылау сессиясы: жоба аясындағы жоспарларды қарау, жауапкершілікті бөлу, сапаны жақсарту шараларын әзірлеу» тақырыбында ұйымдастырылған сессияларда мектепішілік бақылауды ұйымдастыру тәсілдері, бақылау құралдары мен процедуралары талқыланды.
Іс-шара соңында кері байланыс жасалып, семинарға қатысушыларға куәліктер берілді.

QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Национальный центр повышения квалификации "Өрлеу"
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив