09
январь
2024
1 ҚАЗАН - ҚАРТТАР КҮНІ
1 ҚАЗАН - ҚАРТТАР КҮНІ
29.09.2023ж
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектебінің Өзін-өзі басқару ұйымының Қамқорлық фракциясының Еріктілер жобасы мүшелері 1 қазан қарттар күніне орай "Қарттарым - асыл қазынам" тақырыбында 9"Ә" және 9 «Б»-сынып оқушылары қамқорлық ұйымымен бірге, сынып жетекшілері Өмірбек Г., Зиятбек Н. Тоғыс тұрғын алабында тұратын Бургембаева Мейрамгүл әженің үйіне барып, қолғабыс жасады. Сондай-ақ мектебіздің еріктілер тобы қарттардың үйін, ауласын қоқыстан тазартып, шөптерді жұлып, сақтық шараларын орындай отырып, орақпен орды. Әжеміз оқушыларға дән риза болып ақ батасын берді. "Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші" жас ұрпаққа өз өсиеттері мен, ақ батасын беріп отыратын қазыналы қарттарымыз аман болсын дейміз.