"Сыңғырла, соңғы қоңырау!" » "№120 Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемеcі
Коммунальное государственное учреждение
Бауыржан Момышұлы атындағы
"№120 Жалпы білім беретін мектеп"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 95-48-00
Бухгалтерия
+7(7252) 95-48-00
Версия для
слабовидящих
25
май
2022

"Сыңғырла, соңғы қоңырау!"

    Бүгін, 25 мамыр түлектер үшін - алтын ұя мектебімен қимастықпен қоштасқан күн. Алаңға түлектердің төрт сыныбы салтанатты түрде шақырылды. Биыл  мектебімізде - 92 түлек бітіріп отыр. Төлеби ауданының құрметті азаматы, Тоғыс тұрғын домалабының биі, ақсақалы Әшітов Батырхан ағамыз түлектерді құттықтап, оқушыларға өз күштеріне сеніп, еш уақытта мойымай, тек алға қадам басып, әрқайсыңызға сәттілік серік болып , жолдарыңыз ашық болсын! - деп тілек білдірді. Балаларының қуанышын қызықтап, қолдауға келген ата-аналар салтанатты шараны арнайы қоршалған лентаның ар жағында тұрып тамашалады. Мектебіміздің 2002 жылы бітірген түлектері  20 жыл толуына орай Бауыржан Момышұлы ескерткішін орнатып, ашылу салтанаты өткізілді. Ардагер ұстаздар, ата-аналар, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сеитов Марат және Еңбекші ауданы әкім аппаратының  бас маманы Н.Қалтаев өздерінің ізгі тілектерін, ыстық лебіздерін білдірді. Мектеп бітіруші түлектер дәстүрлі мектеп вальсін алаңды айнала биледі, ұстаздарға арнап ән айтты. Мерекенің ең әсерлі сәті - мектептегі соңғы қоңыраудың соғылғаны. Соңғы қоңырау соғылғанымен, түлектерге босаңсуға болмайды. Оларды ЕНТ  деген үлкен сынақ күтіп тұр. Соңғы қоңыраудың аяғында полиция инспекторы Ж.Козикеев оқушыларға "Кәмелетке толмағандардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу"  тақырыбында дәріс өткізді. Салтанатты жиыннан соң жас түлектерге өз сыныптарында педагог-психологтардың ұйымдастыруымен мектептегі қызықты сәттерін еске алу тәрбие сағаттары мен тренингтер өткізілді. 
Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер,сөзіме көңіл аудар. 
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.
Мектеп қайта есігін ашпас енді,
Өмір - ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді! Сәт сапар - жас түлек!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив