2025 жылғы 09 қаңтар күні Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Қыз тәрбиесі - Ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 8-9 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байбулатова Айгүл Жандарбекқызы ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды.
Мектеп педагог- психологы Аманова Ақтолқын қыздарға буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылық туралы түсінік берді.
Мұнан соң сөз алған мектеп медбикесі Бакибаева Қаламқас қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.
”Аяулым” қыздар клубының жетекшісі Джанабаева Эльвира Ергозиевна “Сән мен сымбат: қазіргі қыздардың киіну әдебі” тақырыбында баяндама оқыды.
