18
март
2024
Жақсылық жасау
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс.Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі-мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы рухани азық алдық деп ойлаймыз. Осы тұрғыда Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атныдағы №120 жалпы орта білім беретін мектебінің «Өзін-өзі басқару» «Мектеп парламенті» ұйымының «Қамқорлық» фракциясы «Наурызнама» онкүндігінің аясында 15-наурыз «Қайырымдылық күні» тақырыбында Тоғыс тұрғын алабында тұратын Тулегенова Күланда апаның үйіне барып, есік алдын қардан тазалап, домшаруашылығына көмектесті. Күланда апа Ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
